Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейтқазы Матаев рақымшылық заңына ілікті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

«Сейітқазы Матаевқа «Рақымшылық туралы» заңының 4-бабы, 1-бөлігі, 4-тармағына сәйкес рақымшылық жасалды. Яғни оның жазасының тең жартысы қысқартылады», — деді Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілдері.

Осылайша, 2017 жылы 2 наурызда шыққан Алматы облысының Қапшағай қалалсық сотының үкімімен Сейітқазы Матаев колонияда әлі 2 жыл 11 ай отырады.

Айта кетейік, 2016 жылы 3 қазанда Астана қаласы Есіл ауданының №2 соты Сейітқазы Матаевқа қатысты даулы іс бойынша үкімін шығарды.

Пікір қосу