«91 тобының» продюсері Ерболат Беделхан топ туралы түсірілген кинокартина жайында азды-көпті ақпаратымен бөлісті. Бұл туралы «Гәкку» арнасына сілтеме жасап juldyz.kz порталы хабарлайды.

«Бұл — автобиографиялық тұрғыдағы кино. Бірақ, бұл документалдық кино емес. Бұл толыққанды, толықметрлік кино«, — деді топ продюсері.

Ал топтағы жігіттерге оңайға тиіп жатқан жоқ екен. Өйткеніғ, толықметрлі фильмде олар алғаш рет актерлік қырынан танылуда.

«Әртіс болғаннан кейін, әртістің жұмысы, өмірі бәрі оңай бола бермейді. Сынақ болады. Сондай жұмыс істеу керек, дисциплина бар. Сонымен бірге бес сағат жетеді«, — дейді топ жігіттері.

Топ продюсері Ерболат Беделхан фильмнің қалай, не жайында түсірілгенінен аз да болса мәлімет беріп кетті.

«Түнгі ұйқылары азайған жігіттер тек ұйқыға ғана алаңдап отырған жоқ.
Актерлік шеберлікке де ұзақ қатысқан жоқпыз. Сол себептен білмейміз. Өзімізді объективті тұрғыдан бағалай алмағандықтан, бәлкім халық бағасын берер. Енді ғана актерлықты меңгеріп жатқан жігіттер осы уақытқа дейін талай қиындықтарды бастан кешірді. Олардың барлығы болмағанымен біразы осы фильмде көрсетіледі.90 пайыз осы өмірден алынған еттік. Бірақ, 10 пайыз көркем фильм болғандықтан… Сол. Оның сюжеті шамамен мынадай болмақ. Осы Q-Pop субмәдениеті қалай құрылды, қандай қиыншылықтардан өтті, міне, осы. Бүкіл жайтты ашып айта алмаймын. Киноға келіңіздер
«,- дейді Ерболат Беделхан.

Айта кетейік, осындай оқиға бейнеленетін бұл картинаның түсірілімі бір айдан соң өз мәресіне жетеді. Ал, үлкен экранға күз мезгілінде жол тартпақ.

Пікір қосу