тунгышбай

Қазақстанның Халық әртісі, ҚР-ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, актер Тұңғышбай Жаманқұлов сот отырысында өз кінәсін толық мойындады. Бұл жөнінде Zakon.kz сайты хабарлайды, — деп жазады juldyz.kz порталы.

Актер бұл жөнінде:

«Иә, мен өз кінәмді мойындаймын. Мен бәрін мойындап, осылайша тергеуге ат салысқым келеді. Бұл шешімді мен өз еркіммен қабылдадым, өкінемін және келтірген зиянды өтеуге дайынмын», — деді.

Сот отырысы  Алматы қаласы №2 Медеу аудандық  сотында өтті.

Актер кино түсіруге бөлінген қаржыны жеке басының қажетіне жұмсағанын айтты.

«Мен фильмнің атқарушы продюсерінен 5-6 млн теңгені қолма-қол ақшаға ауыстыруды өтіндім. Бірақ, себебін түсіндірмедім. Наталья Юдина (атқарушы продюсер) 3 млн теңгені қолыма ұстатты. Ол ақша құрылыс жұмыстарына жетпей, тағы да 2 млн 300 мың теңгені алдым»,-деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Актер өз сөзінде кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан.Тергеушіден ашылған қылмыстық істі жабуын сұрап, келтірілген шығынды (5 млн 200 мың теңгені) қайтарып беруге әзір екенін де алға тартқан.

Айта кетейік, атақты қазақстандық актер және продюсер Тұңғышбай Жаманқұлов «Феникс» атты көркем фильмді түсіруге бюджеттен бөлінген 69 миллион теңгені жымқырды деп айыпталған болатын.

Пікір қосу