12 сәуірден бастап «Оралман из Питера» фильмі көрермен назарына ұсынылады. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Кино желісі ән әлеміне жарқ етіп шығу үшін, көптеген оқиғаларды бастан кешіретін үш әнші туралы болмақ. Комедия – продюсер Арман Дүйсенов пен режиссер Ален Ниязбековтың («Каникулы в Таиланде») үлкен кинодағы дебюті.

«Оралман из Питера» фильмінің басты кейіпкерлері -Jingle музыкалық тобының мүшелері, олар үлкен сахнаға шығып, жанкүйерлерінің көп болуын армандайды. Алайда арманға қол жеткізу оңай емес екен: кейіпкерлерді күлкілі оқиғалар мен реніш және шынай махаббат күтіп тұр. Жаңа авантюралық комедия — бұл арман мен жігер жайлы оқиға.

Картинки по запросу оралман из питера 12 сәуір

Фильмде көрермен белгілі актерлер Динара Бақтыбаева, Дәурен Айдарқұлов, Дина Тасбулатова, Асан Мәжит, Қуандық Шәкіржанов, Ерік Жолжақсыновты, сондай-ақ отандық орындаушылар: Еркеш Шәкеев, Әнел Әрінова, Айқын Төлепберген, Луина, «Жігіттер» квартетін көре алады.

Пікір қосу