Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі бір айға ұзартылды, — деп Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы хабарлайды.

 «Астананың Алматы аудандық № 2 соты Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімін бір айға — 2017 жылдың 10 мамырына дейін ұзартты. Аудандық соттың шешімі 6 сәуірде қабылданды», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, 8 айға жуық министр болған Бишімбаев осы кезге шейін Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалған болатын.

Пікір қосу