Әнші Сиви Махмуди «Соқыр махаббат» фильмі жөнінде айтып берді. Бұл туралы brod.kz хабарлады, — деп жазады juldyz.kz порталы.
Сюжет бойынша кейіпкерлер Анель мен Арлан бір-біріне ғашық болады. Алайда, оларға махаббат үшін күресуге тура келеді. екеуі бірге болу үшін көптеген сынақтардан өтеді.
Сиви Махмуди кейіпкері Анель туралы және түсірілім кезіндегі қиындықтар жайында айтып берді:
«Фильм жақсы шыққан сияқты. Өйткені, картинаны жарыққа шығаруға өз ісінің нағыз мамандары Өзбекстан режиссері Данияр Саид пен мықты сценаристер мен актерлар атсалысты. Түсірілім кезінде түрлі қиындықтарға тап болдық. Әрине, енді онсыз болмайды ғой. Маған берілген рөл біраз күрделілеу болды.
Кейіпкерім Анель – ата-анасы мен қос жанарынан айырылса да, өмірге деген құлшынысын жоғалтпаған рухы мықты қыз. Образға ену маған оңай болмады, дегенмен барынша тырыстым. Түсірілім басталмай тұрып, көзі көрмейтін жандармен әңгімелесіп, олардың қимыл-қозғалысы мен әдеттерін бақыладым. Осылардың барлығы рөлімді дұрыс ойнап шығуыма септігін тигізді. Ең маңыздысы – өз еңбегіңнің жемісін көру. Көрермен риза болса, бұл мен үшін үлкен бақыт»,- деп өз пікірімен бөлісті актриса.