Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 312,13 теңгеге тең болды. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы хабарлайды.
Таңғы сауданың 5 сәуірдегі бірінші келісімі жнәне ең максималдық құны 312,6 теңгемен өтті. Ал минималдық құны — 311,98 теңге. Сауданың жалпы көлемі 62,4 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 311,5-312,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.