Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаевтың айтуынша, Астанадағы Головкин-Сондерс жекпе-жегі шілде айында өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды, — деп juldyz.kz порталы жазады.

«Кездесу шілденің 17-сі күні болатын болды. Головкиннің өзі қол қойыпты. Британдықпен жекпе-жек өзіміздің «Астана-Аренада» өтеді. Соған қаражат жинап, дайындала беріңіздер. Мен өзім ойлаймын, бағалары қымбат болады. Дегенмен, бір-екі жұма күту керек. Олар бізге қарамайды ғой. Қазір кәсіби бокс бизнес болып кетті ғой. Мен өзім ойлаймын, 10-15 мың, солай болуы тиіс. Бірақ менің білетінім, олар «Астана-Аренаға» тапсырыс беріп жатыр. Соны көріп, 30 мың көрерменнің алдында үлкен бокс кешін өткізбекші», — деді Маржықпаев елордада өткен бүгінгі баспасөз мәслиxатында.

Хочу сказать спасибо всем моим болельщикам за вашу поддержку, за слова поздравления и за веру в меня. Моя благодарность всем тем, кто приехал на бой, создав домашнюю атмосферу на главной арене Нью-Йорка! Спасибо, что приехали, поддержали, спасибо, что наш флаг был виден с каждой трибуны и с каждого сектора в Мэдисон Сквер Гарден. Спасибо и всем землякам, не спавшим дома в воскресное утро. Ваша поддержка является важной для меня, надеюсь, и вы смогли ощутить себя частью большого спортивного праздника! Ваш Геннадий Головкин photo by @hoganphotos

A post shared by Gennady Golovkin | GGG (@gggboxing) on

Айта кетейік, Головкинге қажетті соңғы WBO белбеуі британдық Билли Джо Сондерсте (24-0, 12 КО) бар. Оны жеңсе, абсолютті чемпион атанбақшы.

Пікір қосу