Ақан Сатаев бизнесмендер туралы фильм түсірмек

Ақан Сатаев бизнесмендер туралы фильм түсірмек

3 161 қаралды
0

Astana film fund, Sataifilm және KCG бірлесіп жаңа толықметражды фильм түсіруге дайындалып жатыр. Кинолентаның уақытша атауы —  «Бизнесмены». Бұл туралы brod.kz хабарлайды, — деп жазады juldyz.kz порталы.

Картина режиссерлерінің айтуынша, кино кәсіпті жаңа бастаған үш дос жайлы болады. Фильмдегі оқиға  90-ыншы жылдары Қазақстанда «бизнес» деген ұғым жаңа пайда бола бастаған кезеңді қамтиды. Елімізде болған ірі өзгерістер заманын көрсете отырып, достық, адалдық, ар туралы оқиға баяндалады.

Қазіргі таңда басты және қосымша рөлдерге актерлер мен актрисалар қарастырылуда. Авторлардың айтуынша түрлі ұлт өкілдерінен 20 мен 30 жас аралығындағы жігіттер мен қыздар керек. Өйткені, «Бизнесмены» фильмінің түсірілімі таяуда басталады.

Айта кетейік, Astana film fund, Sataifilm және KCG бірлесіп түсірген алғашқы фильмі «Районы» драмасы. Фильмді отандық көрерменнен бөлек Санкт-Петербург, Омск және Якутия (Саха Республикасы) көрермендері тамашалады.

Пікір қосу

error: Көшіруге болмайды!!