Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ұшағы Ереванға қонуға мәжбүр болды, — деп хабарлайды KazFootball.kz. Бұл туралы құраманың медиа-офицері Ербол Қайыров өзінің Твиттер-парақшасына жазды.
«Әуе кемесінің командирі әуежайға оралуды ұйғарды. Чартерлік ұшақ ауыстырылған соң, Қазақстанға қайту ұшу жоспарланып отыр. Ереваннан шыққан Қазақстан құрамасының ұшағы қайта оралуға мәжбүр болды. Оған шассиден шыққан ақау себеп болды», — делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, кеше 2018 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу матчында Қазақстан құрамасы 0:2 есебімен Армения құрамасынан жеңілді.