Елімізде тұңғыш рет өтіп жатқан  «Musiq summit» батлында қазақ тіліндегі хип-хоп әндер орындалады. Атақты жұлдыздармен жекпе-жекке журналист, рэпер Жан Ахмадиев шығады, — деп хабарлайды NUR.KZ.

«Біз қазақтың намысын барынша қорғап шығуға тырысамыз деген сенімдеміз.  Қанша дегенмен бұл сайыс басқа елде емес, өзіміздің жерде өтіп жатыр», — деді Жан Ахмадиев.

Атышулы рэпер халық арасында кең таралған «Қазақпыз ғой» әнін әлі ешкім естімеген стильде орындайтынын да айтты.

«Musiq summit» фестивалінде Headhunterz, L’one, Александр Попов, Lucky Charmes, Скруджи, Кентал сынды өнер жұлдыздары кештің көркін қыздырмақ. Сондай-ақ, әйгілі диджейлер, рэперлер мен Тимати де келуі мүмкін.

Айта кететіні, MUSIQ SUMMIT – Қазақстандағы тұңғыш спорттық-музыкалық фестиваль. Оның мақсаты – Қазақстандағы жас ұрпақты белсенді өмір сүруге дағдыландыру, сонымен қатар, осы заманның сан алуан музыкалық бағыттар әуесқойларын бір ортаға жинау. Фестиваль спорт пен әсем әуенге толы, баршаға қуаныш сыйлар өте қызықты орын болуға тиіс. «Musiq summit» фестивалі наурыздың 21-і күні, «Алматы арена» мұз айдынында өтеді.

Пікір қосу