Бокстан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит «Кіші әлем чемпионатына» қатысады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады, — деп жазады juldyz.kz порталы.

Германияның Халле қаласында 13-18 наурыз аралығында 44-ші халықаралық «Chemistry Cup» турнирі өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан атынан барлығы 10 былғары қолғап шебері қатыспақ.

Айта кетейік, өткен жылы бұл турнирде Әділет Құрметов (60 кг) пен Айдар Әмірзақов (64 кг) қола жүлдегер атанған.

Пікір қосу