Белгілі әнші әрі композитор Нұрлан Еспанов ата болды. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.
Оның тұңғыш қызы Әйгерім дүниеге ұл алып келді. Әнші бұл жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.
Айта кетейік, Нұрлан Еспанов өткен жазда тұңғышын ұзатып, ұлан асыр той жасаған болатын. Оның 23 жастағы қызы Әйгерім Жалғасбек Қасымов есімді таэквондошыға тұрмысқа шыққан болатын.