Наурыз айында «31 арнадан» режиссер Рүстем Әбдіраштың көптен күткен «Қазақ елі» телехикаясы көрсетіледі. Бұл туралы massaget.kz-ке сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы хабарлайды.

Фильмнің сценарийін белгілі жазушы Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов және режиссер Рүстем Әбдіраш бірігіп жазған. Ал негізі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші бөлімінен алынған.

Фильмнің сюжеті бойынша Қазақ хандығын құрушы Керей мен Жәнібек халқының мүддесі жолында елге үстемдік жүргізуді мақсат тұтқан озбыр хан Шайбаншахпен тайталасқа түседі. Телехикая қазақ тілінде түсірілген, алайда фильмде шағатайлар мен жоңғарлардың өз тілінде сөйлейтін сәттері де бар.

Актерлердің басым бөлігі — қазақстандық өнер майталмандары, соның ішінде Қарлығаш Мұхаммеджанова, Досхан Жолжақсынов (Әбілқайыр Шайбаншах), Еркебұлан Дайыров (Жәнібек хан), Қайрат Кемалов (Керей хан), Аян Өтепбергенов, Бекболат Тілеухан және басқалар. Өзбек ханы Әбілқайыр Шайбаншахтың бәйбішесінің рөлін Қытайдан келген Жанар Сағат сомдаса, ойраттардың билеушісі Өзтемір тайшының рөлін моңғолиялық актер сомдап шыққан.

Пікір қосу