Тәуекел Мүсілім: Бұл — менің алғашқы комедиялық жобам

Тәуекел Мүсілім: Бұл — менің алғашқы комедиялық жобам

5 131 қаралды
0

Халықаралық әйел күні мерекесі қарсаңында  «Всё из-за мужиков» комедиясы прокатқа шықты. Кинодағы «жұмаққа» түскен бақытты еркектің бірін Тәуекел Мүсілім сомдаған. Актер brod.kz кинопорталына бұл туралы сұхбат берді, — деп жазады juldyz.kz порталы.

«Менің кейіпкерімнің есімі — Арман. Ол нәзікжандылардың назарына өзіне аударғанды жақсы көретіндердің қатарынан. Арман ұзақ уақыт бойы екі қызбен қатар жүріп жүреді. Тіпті оның біріне үйленбек те болады, бірақ ол өзіне сенімсіз еді, тіпті қорқып та кетеді. Осы кезде тағдыр оған өмірдің құндылығын түсінуге тағы бір мүмкіндік берді. Түсірілім күндері өте қызықты, көңілді өтті. «Всё из-за мужиков» фильміндегі әзіл ернеуінен асты деуге боады, кейбір көріністерді түсіргенде күлкімізді әрең тыйдық. Шынымды айтсам, бас кезінде маған өте қиын болды, өйткені бұл менің алғашқы комедиялық жобам. Осы орайда маған кеңес беріп, қолдау білдіргені үшін Данияр Алшиновқа алғысымды айтамын», — деді актер.

Тәуекелдің айтуынша, сценарийді ресейлік автор Вадим Комиссарук (сериал «Кухня») жазған.

Айта кетейік, комедияның түсірілімі Астанада өткен. Түсірілімге 1000-ға жуық нәзікжанды қатысқан. Басты рөлдердегі қыздар актриса Жәния Джуринская, Сая Оразғалиева, Әсел Ақбарова және Наталья Наумова.

Пікір қосу

error: Көшіруге болмайды!!