Әнші Қарақат Әбілдина Президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы кітапханада жастармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы хабарлайды.
«Менің анам 16 құрсақ көтерген. Көзіміз тіріміз аз қалдық. Дегенмен, көпбалалы отбасында ауылда өстім. Анам өте қарапайым жан, ер азаматының жағдайын жасап, үйдің берекесін келтіріп отырған. Анам өмір бойы қызмет істемесе де, ерінің қас қабағына қарап, бала-шағасын бағып-қақты. Әкем ел басқарған абыройлы азамат болды. Алтын тойларына жетпей қалып, он жыл бұрын дүниеден озды. Қазір немересі мен шөбересінің санынан шатастық. Құдайға шүкір, бармыз», — деді Қарақат.
Сондай-ақ, әнші жақсы жаңалығымен де бөлісті.
«Ал, менің қазір көктемде жақсы жаңалық күтіп отырған жағдайым бар. Жоғалтқанымды іздеп жүрмін, төрт ұлым барын білесіздер, сондықтан жақсы жаңалық күтіп жүрмін, жақсы ниеттемін»,- деп ағынан жарылды әнші.