«Кешью» тобының бұрынғы әншісі Ақбота Сейітмағамбет 2017 жылдан қалмай тұрмысқа шығатынын мәлімдеген болатын. Енді әнші мен белгілі актер Дәурен Айдарқұловтың бірге түскен суреті Instagram желісіндегі xshym13 парақшасында пайда болды, — деп жазады NUR.KZ.
Ал суреттің жанына «Бақытты болыңдар» деген тілек жазылған.
Сонымен қатар Ақбота желідегі парақшасында актермен бірге түскен суретін жүктеп: «Жаныңызға жақын, өзіңізді жайлы сезінетін жерде болыңыз, бақыт бар», – деп жазба қалдырған.