2 наурыз күні «Все из-за мужиков» атты фильмінің алдын-ала көрсетілімі өтті. Бұл туралы juldyz.kz порталы gakku.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аталмыш фильмде Тәуекел Мүсілім, Данияр Алшынов, Темірхан Асылбек, Сая Оразғалиева, Жания Джуринская, Наталья Наумовалар басты рөлдерді сомдайды. Фильмде Сая Тәуекелдің ғашығы болып ойнайды.

Актриса өз образын былай айтып берді.

Сая Оразғалиева:

«Мен сомдаған кейіпкердің есімі Диана. Ол шығармашылық адамы болғандықтан аздап қияли. Сол себепті, басқа қыздарға қарағанда мына үш жігіттің мойынына асылмайды. Биязылығымен серіні өзіне қаратады«.

Фильмдегі 3 жігіт ешқандай ер адамы жоқ әлемге түседі. Бұл жігіттер үшін жұмақ болып саналғанымен, бір кемшілігі бар. Ол үшін арулардың тілегін екі етпеуі тиіс. Фильмнің негізгі желісі осындай. Айтпақшы, картинада Тәуекел қыз қырқынның жүрегін бірден жаулайтын Арманның рөлін сомдайды. Алайда, актердің айтуынша ол өмірде мүлде басқаша жан.

Тәуекел Мүсілім:

«Мен махаббатқа берік жанмын. Егер мен ғашық болсам, тек сол жанды ғана сүйетін боламын. Жеңіл жүрістерге жол бермеймін«.

Айта кетейік, «Все из-за мужиков» фильмі кинотеатрларда көрсетілуде.

Пікір қосу