Отандық «Все из-за мужиков» фильмі наурыз айының 2-сі күні жарыққа шығады. Ал актер Тәуекел Мүсілім фильмде басты рөлдердің бірін сомдамақ, — деп хабарлайды juldyz.kz порталы.
Аталмыш фильмге Тәуекелден өзге Мұрат Бисембин, Данияр Алшынов, Жания Джуринская, Сая Оразғалиевалар да қатысқан.
«Всё из-за мужиков»
(Қазақша мағынасы — «Бәріне еркектер кінәлі»)
Елі: Қазақстан
Режиссері: Виктор Бормотов
Актерлер: Мұрат Бисенбин, Тәуекел Мусілім, Данияр Алшынов, Жәния Джуринская, Сая Орағалиева, Әсел Ақбарова, Наталья Наумова
Жанры: комедия
Жас шектеуі: 12 жасқа дейін
Фантастикалық картинада әйелдер әлеміне тап болған үш дос туралы баяндалады. Әйелдер қауымы олардың барлық тілектерін орындауға әзір. Алайда, еркектері жоқ әлем олар ойлағандай идеал болып шықпайды.