Кеше Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев жұбайы Мехрибанды елдің вице-президенті етіп тағайындады. Бұған дейін Мехрибан Әлиева Гейдар Әлиевтің қорының басшысы әрі парламент депутаты болатын. Осы орайда әлем президенттерінің адал жары ғана емес, ақылына ақыл қоса алатын жанашыр дос, саясатта сенімді серігіне айналған жұбайлары туралы reactor.inform.kz әзірлеген материалды ұсынамыз.

Жұбайларын саяси қызметтерге тағайындаған президенттер - ФотоКешегі сөйлеген сөзінде Ильхам Әлиев Мехрибанның ұзақ жылдар бойы қоғамдық-саяси, мәдени, халықаралық қызметте маңызды рөл атқарғанын тілге тиек еткен.
Жұбайларын саяси қызметтерге тағайындаған президенттер - ФотоАл 2016 жылдың маусымында Уганданың президенті Йовери Кагута Мусевени жары Джанет Мусевениді Білім және спорт министрі етіп тағайындады. Оған дейін Джанет Мусевени Уганданың солтүстік шығысындағы Карамоджа аймағына жауапты министр лауазымын атқарған.

Жұбайларын саяси қызметтерге тағайындаған президенттер - ФотоФранция президенті Франсуа Олландтың бұрынғы азаматтық некедегі әйелі Сеголен Руаяль 2014 жылдың сәуірінде Экология, энергетика және тұрақты даму министрлігінің басшысы болып бекітілді.

Жұбайларын саяси қызметтерге тағайындаған президенттер - Фото 2012 жылдың шілдесінде Нигерия президенті Гудлака Джонатанның жұбайы  Пейшнс Джонатан елдің оңтүстігіндені Байелса штатының губернаторы болып тағайындалды.

Жұбайларын саяси қызметтерге тағайындаған президенттер - ФотоАҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон қызметіне кіріскен соң 1993 жылы денсаулық сақтаудың радикалды реформасын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құрып, басшылығын келіншегі Хиллари Клинтонға береді.

Жұбайларын саяси қызметтерге тағайындаған президенттер - ФотоАргентинаның президенті Хуан Перон үшінші мерзімге сайлауға түскенде үшінші әйелі Исабель Перонды елдің вице-президенттігіне бекіткен. Ол бұл қызметті 1973-1974 жылдары атқарып, ері қайтыс болғаннан кейін ел президенті болған.

Жұбайларын саяси қызметтерге тағайындаған президенттер - ФотоФилиппин президенті Фердинандо Маркостың жары Имельда Маркос 1975-1986 жылдары ел астанасының губернаторы болды. 1986 жылғы әскери төңкерістен кейін Имельда Маркос жолдасымен бірге елден қашып кетеді.

Жұбайларын саяси қызметтерге тағайындаған президенттер - ФотоНикарагуа президенті Даниэль Ортегидің жұбайы Росарио Мурильо 2017 жылдың 10-қаңтарынан бері елдің вице-президенті лауазымында. Бұған дейін ол күйеуінің баспасөз хатшысы болған.

Жұбайларын саяси қызметтерге тағайындаған президенттер - Фото

1980 жылы Румыния президенті әрі Коммунистік партияның бас хатшысы Николай Чаушескудің жары Елена бірінші вице-премьер болады. Ол бұл қызметті 1989 жылға дейін атқарған. Елде орын алған төңкерісте әскерилер ерлі-зайыптыларды атып тастаған.

Пікір қосу