Өткен жылдың тамыз айында “Мюзикола” тобының бұрынғы әншісі Карина Абдуллина жағармай бекетінде көз түйістіріп қалған жігітке ессіз ғашық болғанын жазып, жұртты дүрліктірген еді. Әнші ақыры сол жігітті тауып, онымен көңіл жарастырған ұқсайды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Тамыз айында бөліскен жазбасында Абдуллина сол жігіттің көзінен өзі іздеген дүниелерді тапқанын, сол себепті оның хат жазуын күтетінін айтқан еді. Күні кеше әнші Мальдив аралдарында белгісіз ер азаматпен сүйісіп тұрған суретін жүктеді.
“Махаббат әлемді құтқарады”, – деп жазды ол бөліскен суретінің тұсына.
Мұны көрген желі оқырмандары таңырқап: “Бақытты болыңыз, Карина”, “Сарқылмас бақыт пен махаббат тілейміз”, “Әлгі жағармай бекетіндегі жігіт пе? Жарасып тұрсыздар”, “Мен де соны сұрамақшы едім”, “Көздеріңіз бақыттан бал-бұл жанып тұр”, “Қандай әдемісіздер, сіз үшін қуаныштымыз”, “Өткенде ғана Royal Petrol-дағы жігітті іздеп жүрген едіңіз”, – деп жазды.
Енді бірі әншінің жанындағы ер адамның кім екенін білгісі келіп, әлгі елді шулатқан жағармай бекетіндегі жігіт болуы мүмкін деп топшылады.
Бұл пікірлердің соңғысына әнші: “Сол іздеуімнің нәтижесі осы”, — деп жауап берді.
Демек Карина Абдуллинаның жаңа сүйіктісі көз жанарымен баурап алған жағармайдағы белгісіз жан.