Қазақстан кәсіпқой бокс Федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz-ке берген сұхбатында Қанат Исламның бразилиялық Робсон Ассиске қарсы өткізген жекпе-жегі жайында пікір білдірді.

«Мұндай жекпе-жек Қанат Исламға қажет емес. Оған жаңа деңгейге шығу үшін мықты қарсыластарды таңдау керек. Қазіргі қарсыласы бірнеше мәрте жеңілген, рейтингі де жоғары емес. Мұндай қарсылас не үшін қажет? Қанат Исламға не береді?» — деді Демьяненко.

Айта кетейік, кеше АҚШ-тың Уилмингтон қаласында өткен жекпе-жекте Қанат қабағынан жарақат алып қалды. Намысты қолдан бермеген отандасымыз қарсыласын соққылардың астына алып, бірінші раундта-ақ сұлатып түсірді.

Пікір қосу