Әлішер Әпсәлямов «Қайрат» клубының жаңа бас директоры болды, — деп жазады ҚазАқпарат.
«Әпсәлямов спорттық және футболдық менеджментте үлкен тәжірибеге ие — танымал маман. Әлішер Ерболатұлы Suffolk University-де жоғары білім алғаннан кейін «Кардифф Сити» және «Сараево» футбол клубтарында әкімшілік қызметтерді атқарды», — делінген Алматылық клубтың ресми сайтында.
Бұған дейін бас директор қызметін атқарған Мәлік Күшәлиев клубтың Байқаушы кеңесі құрамына енетін болады.
«Қайрат» футбол клубы Мәлік Болатұлына атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіреді», — делінген таратылған хабарламада.