Парламент мәжілісінің депутаттары құқық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша заң жобасымен қарастырылған айыппұлдарға қатысты пікірлерін білдірді, — деп жазады Sputnik Қазақстан агенттігі.

Түзетуге сәйкес, билік өкіліне қарсылық білдіру үшін қарастырылған айыппұл бес мың АЕК-ке дейін артып, 11 миллион теңгеден асады екен.

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің мүшесі Азат Перуашевтың пікірінше, айыппұлдардың артуы, тек жемқорлықтың өсуіне әкеліп соқтырмақ.

«Егер шындықты мойындайтын болсақ бүгінгі айыппұлдар көлемімен жолда полицейлерге пара береген үш-төрт есеге арзан болады. Біз мұндай қадаммен үлкен жемқорлыққа жол ашамыз. Біз бұдан бас тартуға тиіспіз. 11 миллион айыппұлға келер болсақ – бұл тіптен масқара. Күйеуі әйелін ұрып-соқса – 40 мың теңге айыппұл салынады. Егер полицеймен ерегісе кетсең, 11 миллион теңге. Бұл не тағы? Әйел полицейден бірнеше мың есеге арзан болғаны ма? Мен, мәселен, өз әйелімді бірнеше мың есе артық жақсы көремін. Бұл мемлекеттік қызмет, полицейлер мемлекеттік мүдденің күзетінде тұрады, біз мұны сыйлауға тиіспіз, бұл ретте сомалар салыстырмалы болуға тиіс», — деді депутат.

Пікір қосу