Әнші Жазира Байырбекова сұлу қыздардың сұранысын елеусіз қалдырмай, оны қайта тиімді табыс көзіне айналдыруда. Бұл туралы juldyz.kz порталы toiduman.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бұған дейін аруларды сұлулық салонының ашылуымен қуантқан әнші жуырда тағы бір сән студиясын ашпақ.

«Бұл салоннан кез келген қыз өзіне қажет көйлекті таба алады. Маған көйлек тігетін тігіншілер оларға да көйлек тігіп бере алады» — деді әнші.

Сондай-ақ, ол:

«Мен адамдарды жұмыстан шығара алмайды екенмін. Сондықтан директор алдым» — деп ағынан жарылды.

Әнші өз шығармашылығын әрі қарай да жалғастыра береді. Қазір тойға шақыртуларды көбейту мақсатында жаңа әндер жазып жатыр.

Пікір қосу