Той — әншілердің нәпақасын табуға жақсы табыс көзі. Шоу-бизнесте тойға жиі шығатын әншілерді toiduman.kz тізімдеген «жұлдыздарды» juldyz.kz порталы назарларыңызға ұсынады.

Қыз ұзату тойларына қатысудан рекорд жасауға таяп қалған әнші Жазира Байырбекова, енді «тұсаукесерлер» нарығын жаулап алмақ. Бұл салтқа арнайы ән жаздырды. Енді осындай тойлардан көрінбекші.

Жазира Байырбекова:

Соңғы кезде мені тұсаукесерлерге жиі шақырады. Менде осы тақырыпқа сай орындайтын арнайы ән жоқ екендігі ыңғайсыз болды халықтан. Сондықтан «тұсаукесер» салтына арнап ән жаздырдым, жақында оған бейнеклип те түсіремін. Жалпы, қай әнші өтімді, соған халық арасында тойға сұраныс көп. «Тойға көп шығады, тойдың әншісі» деген пікірлерге намыстанбаймын.

Роза Әлқожаның жақында жарыққа шыққан «Балапан» әні біздің арнадан көрсетілгелі, Роза ханымды тойға шақырушылар күрт көбейіп кетіпті.

Роза Әлқожа:

ОҚО, Алматы, Оңтүстік шығыс, Жаңарқа өңірлерінің сүйікті әншісімін. Сол жақтағы халық тойларына жиі шақырады.

Шақырған жерден қалмайтын, ұлтық нақыштағы образдары өзіне жарасып, әр тойдың сәніне айналған әнші – ол Қарақат Әбілдина.

Қарақат Әбілдина:

Арнайы құрметтеп, алдын-ала шақырып жатса, ондай тойлардан қалмаймын. Күніне 5-6 тойға шығып, ана тойдан мына тойға шауып жүретін кей әншілерімізді білемін. Тойға олай жиі шығу, денсаулыққа да кері әсері бар деп ойлаймын.

Қайрат Нұртасты қалталылар көп шақырады. Оның кез келген әні –кез келген тойға жарасады. Ал, тойшыл қауым той үстінде әншімен жарыса суретке түсуге құмар.

«Ә» — деп ауыз ашқаннан тойдың жұлдызына айналған, Төреғали Төреәлі де біздің тізімде. Айтып айтпай не керек? Оның концерттерінің өзі той сияқты .

Бүркіт пен Аишаның қай әнін алып қарасақ та дүбірлі думанда ессіз билетіп ала кететін ырғақта жазылады. «Титтейі» де «Тау, тау сезімі» де. Отбасы идеологиясын әдемі насихаттайтын бұл жұпқа көз тимесін!

Пікір қосу