Әнші, қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова 7-наурызда «Аналарға тағзым» атты жеке концертін бермек. Бұл туралы ол «Той Думан» арнасына берген сұхбатында айтты.

Қазіргі уақытта концерт үшін жаңа әндер жаздырып, қызу дайындықты бастап кеткен әнші:

«Инстаграммда ана әніңізді айтыңыз, сол үшін келе жатырмыз деп жазып жатқандар көп. Жаңа әндерді жазып қойып едім, музыканттарды соған дайындаған едім. Енді барлығын қайта қарау қажет», — дейді.

Әнші концертте орындалатын жаңа дуэттер мен жаңа әндерді әзірге құпия сақтауды жөн көрді. Себебі, тыңдарманына ерекше әсер сыйлауды мақсат етіп отыр.

Айта кетейік, Мақпал Жүнісова жеке концертін өткен жылы шығармашылығының 35 жылдығына орай сәуір айында өткізген болатын.

Пікір қосу