kazinform.kz

11 алтын, 8 күміс және 17 қола наградалар жемісі Қазақстанға Алматыда өткен қысқа Универсиаданың жалпы командалық есебінде екінші орынды қамтамсыз етті. Жеңіс тұғырынан көрінген отандық спортшылар тек ел құрметі мен мақтанышына ғана ие болып қоймай, бірнеше мың долларға да ие болды.

Спортшыларға берілетін қаражат мөлшері Қазақстан үкіметінің қаулысында көрсетілген. Осылайша Универсиада чемпиондарының сыйақысы 15 мың АҚШ долларын құрайды. Күміс иегерлері 10 мың доллардан алады. Қола жүлдегерлерге 5 мың доллар қарастырылған.

Командалар құрамасының бапкерлері өздерінің жаттығушылары тапқан қаражат көлемін алады. Бұл Универсиадада медальдер саны бойынша рекордты биатлоншы Галина Вишневская алды. Оның қоржынында екі алтын, екі күміс медаль бар. Ол 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы алады.

Шаңғышы Анна Шевченко алтын, күміс және қола медаліне ие болып, оның сыйақысы 30 мың АҚШ долларын құрады.  Фристайлдағы екі «алтын» секіру үшін Дмитрий Рейхерд пен Юлия Галышева 20 мың АҚШ долларынан алады.

Спорттың командалық түрлерінде әр спортшы төлемдерді жүз пайыздық мөлшерде алады. Қазақстандық спортшылар спорттың командалық түрлерінде шаңғымен жүгіруде аралас командалық спринт және аралас акробатика фристайлы бойынша екі алтын жеңіп алды.

Биатлондағы аралас эстафета, 3х5 шақырымға шаңғымен жүгірудегі әйелдер эстафетасы,  4х7,5 шақырымға шаңғымен жүгірудегі ерлер эстафетасы және шайбалы хоккейден төрт күміс медальға қол жеткізді. Шорт-трек бойынша ерлер және әйелдер эстафеталарында тағы екі қола медаль иеленді.

Нәтижесінде жеке және командалық наградаларды қосқанда мемлекеттік бюджеттен сыйақы төлеуге 700 мың АҚШ доллары бөлінуге тиіс.

Дереккөз: Sputnik Казахстан

Пікір қосу