Жанар Дұғалованың күні кеше көрерменге жол тартқан «Ала кетпедің» атты әніне түсірілген бейнабаяны тыңдарман қауымға жақпай қалды. Бұл туралы Gakku арнасына nur.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш бейнебаянда Жанар танымал актер Тәуекел Мүсіліммен бірге ғашықтардың рөлін сомдаған. Қос әртістің жалынның арасында сүйісіп тұрған көрінісін ерсі көрген көрермендер әншіні сынның астына алды.

Алайда, тыңдармандардың арасында махаббат хикаясы болғаннан кейін мұндай қылықты жарасымды деп бағалағандар да табылды. Сондай-ақ, «Отандық бейнебаяндар Тәуекелсіз түсірілмейтін болған ба?», — деп реніш білдіріп жатқандар да бар.

Пікір қосу