Отандық танымал продюсер Баян Есентаева 31 арнаға арнайы сұхбат беріп өмірінде орын алған өзгерістерге тоқталып, отбасындағы жаңалықтармен бөлісті, — деп жазады NUR.KZ.

Қазақстанның ең танымал қалыңдығы Баян үйлену тойы сәуір айында болатынын атап айтты.

Баян Тұрсынғалидың өзіне жасаған ұсынысы «әдемі, романтикалық әрі жанға жылы» болғанын мойындады. 

Дегенмен продюсер жаңа отбасын құрудағы басты өкініш те жоқ емес екенінтілге тиек етті. Оның айтуынша, Тұрсынғали мен өзінің балалары бір-бірімен араласпайды.

«Өкінішке қарай, солай болды. Мұндай күрделі отбасылық жағдайда бұл уақытша құбылыс деп ойлаймын. Ерте ме, кеш пе, біз бір-бірімізге жау емес екенімізді түсінетін боламыз», — деп пікір білдірді Есентаева.

«Қазіргі таңда мен бойымды тіктеп, отбасым, жұмысым, жеке өмірімдегі жайттарды саралап, шешім шығара аламын деп айта аламын», — деп түсіндірді продюсер.

Сонымен бірге, Баянның айтуынша, ол Бақытбектің әйелі бола тұра, Тұрсынғалиға ғашық болғанын жеткізді. Олар наурыз айында танысып, мамыр айында Тұрсынғали оның жүрегінен орын алған екен. Көп ұзамай, маусым айында ол елді дүрліктірген оқиғаға тап болған.

«Бұл менің отбасымды да, елді де алдай алмайтынымның белгісі», — деді продюсер.

«Екі отбасын ойрандағанымызды жақсы түсінемін. Бұл қиын. Мен барлығын түсінемін. Бізге де оңай емес. Бақыт туралы айту әлі ерте. Тек мені жақсы көретін, мен жақсы көретін жан бар екенін ғана айта аламын», — деді ол.

Баянның айтуынша, ол Тұрсынғалидың балаларымен араласудан қашпайды. Керісінше, ол бақытты болар едім деген ойын жеткізді.

Бір айта кетерлігі, Баян мен Тұрсынғали некеге келісімшарт жасап барып, отырмақ екен. Бұл оның болашақ жары Алагөзовтың ұсынысы екен.

«Турсен — бизнесмен, ал бизнесмендер әр нәрсені есептеп, өлшеп отыруға үйреніп кеткен», — деді ол.

Осылайша, кәсіпкер өткен өмірінде жіберген қателіктерін болдырмауға тырысуда.

Продюсер жуық арада кітап шығарып, онда өзін қарапайым әйел екенін көрсеткісі келетінін айтқан.

«Ешқайсымыз күнәдан ада емеспіз. Біз періште емеспіз ғой», — деді ол.

Оның айтуынша, бұл кітап әйелдерге арналатын болады. Онда танымал әйел ешкімге  айтпаған сырларымен бөліспек.

«Менің әрекеттеріме қарап еліктеудің еш қажеті жоқ. Себебі мен ешкімге менен үлгі ал, маған қарап бой түзе деген жоқпын», — деп еске салды Есентаева.

Продюсер өзін қолдап, тілекші болғандарға алғысын айтты. Ал өзін айыптап, кінә таққандардан Баян кешірім сұрады.

Пікір қосу