Атақты әнші Лара Фабиан Димаш Құдайбергеннің ерекше дауысына таңданыс білдіріп, оны кездесуге шақырды. Бұл туралы әншінің жан досы әрі менеджері Алпамыс Шәрімов өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Атақты әнші Лара Фабиан Димаш Құдайбергенді кездесуге шақырды (фото)

«Бүгін бізде қуанышты жаңалық! Димаштың әнін ғаламтордан тыңдаған атақты әнші Лара Фабиан әдемі тілектерін білдірді. Димаштың дауысына таңқалысын жасырмай, кездесуге шақырды! Бұл бізге xабарласып, осы xабарды жеткізген әншінің сазгері Флабиеннің Ларамен whatsApp арқылы тілдесуі.

Флабиен: Қазақстандық мына әнші жігітті естіп көрдің бе?

Лара: Иа, таңқаларлық!

Флабиен: Оның дауыс мүмкіндігінің кеңдігі өте ғажайып!

Лара: Ән орындау шеберлігі өте биік деңгейде! Мықты дауыс!

Флабиен: Онымен кездессек қалай болады

Лара: Неге кездеспеске!

Келіссөздер жүргізілуде…

P.S. WhatsApp жазбасы Флабиеннің рұқсатымен жарияланып отыр!», — деп жазды ол.

 

Пікір қосу