Айсәуле Бақытбек анасы Баянның екінші рет тұрмысқа шығуына қатысты өз пікірін білдірді. Болған жайтқа қатысты пікірін ол 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтып берді, — деп жазады nur.kz.

«Адамдар мені «ата-анаңның өмірінде болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарайсың» деп айыптады. Бірақ, мен түсінбейтінім, сонда мен ел алдына шығып жылауым керек пе? Әлде изолятордың алдына барып, сол жерге суретке түсейін бе? Мен елге ондай нәрселердің барлығын көрсеткен дұрыс емес деп санаймын. Уақыт өтіп, барлығы орнына келеді. Адамдар ерте ме, кеш пе осының барлығын түсінеді деген ойдамын», — деп Айсәуле адамдардың өзіне қатысты айтқан сынына  наразылығын жеткізді.

Сонымен бірге, продюсердің қызы анасының екінші рет тұрмысқа шығуына қатысты да пікірін білдірді. Бойжеткеннің айтуынша, ол анасының бақытты болғанын қалайды екен.

«Бұл тамаша емес пе? Мен қуаныштымын. Анамның да, әкемнің де бақытты болғанын қалаймын. Олар бірге бақытты бола ма, әлде бөлек пе — ол маңызды емес», — деді ол.

Естеріңізге салсақ, жуырда Баян Мақсатқызы алматылық кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің үйлену туралы ұсынысын қабылдап, көктемде олар отбасы құру қуанышын атап өтетіндерін жеткізген болатын.

Пікір қосу