«Адам есімінде оның тағдыры жасырылған» деген пікірді растау үшін оқымыстылар зерттей келіп, көптеген қорытындыға келген. Мәселен, балаға неғұрлым жақсы есім қойса, соғұрлым жақсы болуға талпынады екен. Біз бүгін Жанар есімді аттастарды тізімдедік. Бұл есім «күннің шапағындай әдемі болсын» деген ниетпен қойылады екен. Оқып көріңіздер!

  1. Жанар Айжанова — әнші, ҚР Мәдениет қайраткері. «Әй-әй бөпем», «Жігіттерге өсиет»,т.б.әндерді орындап жүр.

2. Жанар Дұғалова — әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. «Turkvision-2014» байқауының жеңімпазы.

3. Жанар Хамитова — әнші, «Арнау» тобының бұрынғы әншісі. Қазір Жанар екі баланың анасы, отбасының ұйытқысын келтіріп отырған аяулы келіншек. Ол сахналық өмірін біржолата тағдырынан сызып тастағысы келгендей. Қазірде ол жайлы БАҚ-та еш ақпарат жоқ.

4. Жанар Айлашова — ақын. Қазір «Қазақстан Ақтау» телеарнасында редактор-жүргізуші

5.Жанар Байсемізова — журналист.Ол «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы әрі жүргізушісі. Қазір «Қазақстан» РТРК АҚ «Қазақстан-Атырау» филиалының директоры қызметін атқарады.

6.Жанар Төлеуқызы — (1984-2014) айтыскер ақын. Қазақ мемлекеттік Қыздар университетінің түлегі.

7.Жанар Әбсадық — ақын. Оның өлеңдері республикалық басылымдарда жарияланып тұрады.

Пікір қосу