Өнер адамдарынан «Бір үйге бір өнер адам жетеді» деген сөзді жиі естиміз. Десе де кейде ата-анасының, бауырларының ізін жалғаушы дарынды өрендерді көп көзіміз шалып қалады. Ендеше ikerim.kz дайындаған «Ағайынды жұлдыздар» топтамасын ұсынамыз.

Қазақ киносының атасы Шәкен Айманов пен бірнеше фильмде басты рөлді сомдаған аңыз актер Кәукен Кенжетаев — ағалы-інілілер.

миниатюра6

Кино өнеріндегі тағы бір қайталанбас тұлғалар, ағайындылар — Досхан Жолжақсынов пен Ерік Жолжақсынов.

миниатюра1

ҚР Қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Сәрсен Құранбек пен «Қазақстан» ұлттық арнасындағы әйгілі «Айтуға оңай» ток-шоуының жүргізушісі Бейсен Құранбек те туған бауырлар.

миниатюра8

Танымал актер Әділ Ахметов пен комедиялық, тарихи фильмдерде бой көрсетіп жүрген Әшім Ахметовтің ағалы-інілі екенін бірі білсе, бірі білмес.

миниатюра11

«Ринго» тобының мүшесі Данияр Өтегенов пен кәсіби фотограф Дамир Өтегенов те ағайындылар тізімін жалғайды.

миниатюра7

«Ринго» тобының тағы бір мүшесі — Батыр Байназаров пен «Рензо» тобындағы Асқар Ахмет те туған ағалы-інілілер.

8DtaaKaOPpg

Әнші Роза Әлқожа және інісі Әбдіжаппар Әлқожа. Әнші арудың өнерге баулыған інісі бүгінде өз тыңдарманы бар, қалыптасқан әнші.

миниатюра3

Туған апалы-сіңлілілер Баян Мақсатқызы мен Бағым Мұхитденова.

photo_189421

Әнші Айдана Меденова және ағасы саксафоншы Ермек Меденов.

миниатюра9

Әпкелі-інілі әншілер Әлия және Қанат Үмбетовтер.

9

Тележүргізуші, журналист Дана Нұржігіт және інісі әнші Рүстем Нұржігіт.

миниатюра10

Өнерлі отбасыдан шыққан өнерлі жігіттер Әли Оқапов пен інісі Мәди Рымбаев.

миниатюра4

Ағайынды актерлар қатарын Артур, Асылхан Төлеповтер де толықтырады.

миниатюра2

Ағайынды Жүгінісовтер

07246729

Пікір қосу