Есім таңдау дәстүрінен халықтың наным-түсінігін, салт-санасын, арман-мүддесін, эстетикалық талғамын анық байқауға болады. Уақыт, заман талабына сай, есім талғау, таңдау реті өзгеріп отыратындығы тағы бар. Бүгінгі аттас адамдардың ішінде ерекше есімді Гаухарларды таңдап алдық. Гаухар француз тілінен «жарқырауық» деген мағынаны білдіреді. Ендеше, ел алдында жарқырап жүрген Гаухарларды juldyz.kz тізімдеп шықты. Оқып көріңіздер!
- Гаухар Әлімбекова — сазгер, әнші. Көпшілікке «Ақ келін», «Келінге өсиет», «Іздедім сені» әндерімен танымал. Ол жақында тұрмысқа шыққан болатын.
2. Гаухар Қаспақова — әнші. Оның репертуарында қазақтың халық әндерімен қатар орыс, түрік, қытай, қырғыз тіліндегі әндер бар. Әсіресе, «Алғашқы көктем», «Құс жолы», Әсеттің «Хисмет», қырғыз халқының «Жамғыр», сондай-ақ «Мен сені ойлайтынмын», «Сүйеді екенмін» әндерімен халыққа кең таралған.
3. Гаухар Нұртас — продюсер, актриса. Ол жақында ғана прокатқа шыққан еліміздегі «Тоқал» фильмінің продюсері.
4. Гаухар Сардарбек — дәстүрлі жас әнші. Ол көпшілікке Instagram әлеуметтік желісі арқылы танылған. Эстрадада алғаш рет Қуандық Рахыммен «Болайық бірге» әнін жазып дуэт жазды.
5.Гаухар Мырзабекова — скрипкашы, Қазақстанның халық әртісі, профессор. Ол «Қазақстан камератасы» мемлекеттік оркестрінің көркемдік жетекшісі.