«Байтақ болашақ» экоальянсының жанынан құрылған Ақсақалдар кеңесіне танымал тұлғалар мүше болып қабылданды,- деп juldyz.kz порталы massaget.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. Бұл ұйым Қазақстанның экологиялық проблемаларымен айналысады.

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып Альянстың құрметті президенті Олжас Омарұлы Сүлейменов сайланды.

Мүшелікке қабылданғандардың қатарында Олжас Сүлейменов, Төрегелді Шарманов, Амангелді Айталы, Тоқтар Әубәкіров, Асқар Жұмаділдаев, Фарид Галимов, Талғатбек Абайдильдин, Мұрат Әуезов, Сейдахмет Құттықадам, Владислав Косарев, Ирак Елекеев, Сабыр Қасымов, Тарасенко Елена, Хасен Қожахмет, Мэлс Елеусізов, Кәріпбек Күйіков, Махамбет Хакимов, Орақ Әлиев, Зейнулла Алшынбаев, Мұхтар Төлеутаев, Қойшығара Салғарин және т.б. белгілі қоғам қайраткерлері бар.

Айта кетейік, экологиялық проблемаларға алаңдаушылық білдіріп отырған «Байтақ болашақ» ұйымы 2016 жылғы қазан айында құрылған. Ұйымды құрған қоғам белсендісі, белгілі бизнесмен, меценат  — Азаматхан Әміртаев.

Пікір қосу