Танымал әнші Бағдат Сәмединова «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Әйел бақыты» бағдарламасында жеке өміріндегі қиындықтармен бөлісіп, оқырмандарға жан сырын ақтарды, — деп juldyz.kz порталы NUR.KZ-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
— Сізге өнер адам ретінде өте қиын. Екі бірдей сұлу қызыңыз бар. Оларды қалай тәрбиеледіңіз? Үйде отырмайсыз деген сияқты?
— Ата-енем болды. Кейде сіңліме тастап кетіп жүрмін. Біздің тәрбиеміз қазақы ғой. Әжемнен көрген тәрбиемді балаларға беруге тырыстым. Жаман қыз тәрбиеледім деп айта алмаймын.
— Жаңа өзіңіз айтып кеткен болатынсыз ата-енеммен тұрдым деп. Енемнің кесірінен айрылысып кеттім дедіңіз. Сол кезде қыздарыңызға қалай әсер етті?
— Балалар ғой. Әкелерін жақсы көретін. Бірақ менің де одан көрген қорлығым жетеді. Егер көңілімде қалатын жақсы бір қылықтары болатын болса, мен оны іздеген болар едім. Оның ұрған кездері болды. Тіпті өзінің жүріп жүрген әйелінің көзінше ұрды. Ол әйел бізбен бірге істейтін. Мен соның көзінше ұрған кезде кешіре алмадым.
Күйеуім отбасында жалғыз бала. Кейде кішкене ана ретінде баласын қызғанатын түрлі жағдайлар болатын. Одан кейін төрт қыз бар. Бәрі бірігіп алады да ең жаманы мен болатынмын. Шыдап, шыдап жүріп, аяғында кетіп қалдым. Бірге он алты жыл тұрдық.
Естеріңізге салсақ, өнер адамдарының қатарында да күйеуінен қорлық көрген әйелдер жетіп артылады. Әнші Шахизада, Жазира Байырбекова, Нағима Есқалиева, Баян Есентаева секілді т.б. әншілер өздерінің көрген қорлықтарын жалпақ жұртқа жайып салған еді.
Бағдат саламатсыз ба? Біз отбасымызбен сіздің əндеріңізді сүйсіне тыңдаймыз. Шымкентте өтетін мерей тойымызға шакырсак дер едік сізбен қалай байланысса болады. Құрметпен. Аманжол. 8705 656 86 68