Аймақтардағы жанармай бағасының қымбаттауына байланысты egemen.kz Энергетика министрлігімен хабарласып, жағдайды түсіндіріп беруді сұраған болатын. Министрлік өткен жылдың соңында АИ 92 маркалы бензиннің 1 литрінің бағасы 135-140 теңгенің аралығында болады деп ескерткенін айтады.
«Ресей рублінің өскенімен байланысты. Егер жаңа жылдың алдында ол 5,1-5,2 болса, қазіргі таңда ол 5,6-ға көтеріліп жатыр. Соған байланысты ол нарыққа әсер етіп отыр. Сондықтан баға осындай», — дейді Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Асқар Жалдинов.