Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева түсірілім алаңында суық цементте жатып, суықтап қалғанын айтты, — деп хабарлайды NUR.KZ.
«Әркімдікі өзіне… Иә, маған, олигархтың, ең болмаса, үшінші әйелі болу да бұйырмапты. Соның ақшасы мен таныстарының арқасында уайымсыз, қайғысыз өмір сүріп, шығармашылық ортаға кірігіп кеткен де жоқпын…
Бірақ, қарашаның қара суығында жібек ішкөйлекпен цементте жатып (соңында қуығыма суық тигізіп, көк жөтелге душар болдым) жүрсем де, өзім таңдаған жолым туралы бір де бір рет өкінген емен. Тағдырыма ризамын», — деп жазды ол.
Оның жазбасы мен қара суықта цементте түсірілген кинокадрларға қарап, оқырмандар әншіні шыдамды және кәсіби актриса деп мақтады.