Жұлдызшылардың айтуынша Тауық жылы үлкен мүмкіндіктердің ашылып, үміттердің ақталатын жылы, — дейді Juldyz.kz. Қытайлықтар Тауықты ұқыптылық, ұйымдастырушылық, жауапкершілік, жүректілік, өзіне деген мызғымас сенімділігі бар арманшыл жаратылыс иесі деп санайды. Бірақ кей кездері бұл қасиеттері теріс қылықтарға айналып кетуі мүмкін. Тауық тым тәкәппар, басқаларына өз дегенін міндеттеуі әбден мүмкін. Ендеше 2017 жылға арналған жұлдыз-жорамал не дейді?  Оқып көрелік.

Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір)

Жұлдызды жорамалдың алғашқы белгісі болу Тоқтылардың мінезіне үлкен әсер етеді. Тоқтының бірбеткейлігі мен табандылығы қойылған мақсатқа жетпей тыңбауына итермелейді. Тауық жылында Тоқтыларға болашағына жоспарды тиянақты құру керек. Қандай да шешім қабылдамас бұрын жан-жақты ойластарғаныңыз жөн: қалт жасаған қадам өміріңізді түбегейлі өзгертуі мүмкін. Орын алған жағдайларға қарамастан, өзіңізге деген сенімділікті жоғалтпаңыз!

Жеке өміріңізде жүрегіңізді тыңдағаныңыз жөн, алайда оқтын-оқтын рационалды ойлауға тырысыңыз. Тауық жылының ықпалымен сіз бойыңыздағы жаңа таланттар мен қабілеттеріңізді ашасыз. Сәттілік сіздің серігіңіз болатыны анық!

Торпақ (21 сәуір – 21 мамыр)

Торпақ жылы туылғандар байыпты, салмақты, кез келген күйзеліске төтеп беретін адамдар. Олар асқан шыдамдылық иелері, алайды оның шегіне жетуге тырыспағаныңыз жөн. Мұндай жұлдыздың аясында туылған жандарға Тауық жылы оңтайлы болмақ. Жылдың алғашқы ширегі қарбаласқа толы болар, бірақ екінші жартысында бәрі қалпына келеді. Барлығы өзіңіздің қолыңызда!

Қызмет жағынан Торпаққа тең келетін ешкім болмас. Сондықтан қызмет бабында айтулы өзгерістер болуы әбден ықтимал. Жаңа жобалар мен мүмкіндіктерден қалыс қалмай, аянбай күш салуыңыз керек.

Әйел заты үшін бұл жыл жаңа таныстар, жаңа ұсыныстарға болы болмақ. Сәттілікке толы бұл жыл отбасын құруға таптырмайтын уақыт!

Егіздер (22 мамыр – 21 маусым)

Осы аралықта дүние есігін ашқан Егіздер ешқандай шектеулерге жол бермейді. Олардың жанынан жақсы достары мен таныстары үнемі табылып отырады. Күнделікті өмірдің біртектілігі шыдамсыз Егіздердің тұрғылықты орны мен қызметін ауыстыруына әкеледі. Айтқанына көндіре білу, эрудиция, айналасын «жандандырып» жүру қабілеті үлкен мансаптарға бастама болады. Осыдан болар саясаткерлер, журналистер, менеджерлер арасында Егіздер өте көп.

Биылғы жылы Егіздердің мақсаттары мен армандары 95% орындалады. Сәтсіздік аяқты жықпасын десеңіз, түбінде кез келген оқиғаның шешімі болатынын естен шығармағаныңыз абзал.

Шаян (22 маусым – 22 шілде)

Шаяндарға 2017 жыл отбасын құру мен жақындарыңызбен қарым-қатынасты жақсартуға кеңес береді. Олар – жан-жақты, шыншыл, ақкөңіл дипломаттар. Тауық жылы Шаяндар үшін сынақтарға толы болғанымен, оған төтеп берсеңіз – жеңістің ауылы жақындай түседі. Айтарлықтый ірі істер осы уақытта атқарылып, көптен бері ығыстырып қойған шаруаларыңызды аяқтағаныңыз жөн.

Биылғы жыл шетелге саяхат жасауға ыңғайлы кезең. Қызметіңізде тұрақтылық орын алады. Шығармашылыққа жол беріп, көп уақытты өзіңізге арнауды ұмытпаңыз.

Арыстан (23 шілде – 23 тамыз)

Арыстан белгісі аясында дүниеге келгендерді бедел, билік, өмірлік күш деген сөздермен сипаттауға болады. Олар намысшыл, өзін-өзі жетілдіруден шаршамайтын адамдар. Жаңа 2017 жыл Арыстандарға жаңа жетістіктерді дайындап қойды. Бірақ оған жетпес бұрын, өз бойыңыздағы кемшіліктерді жеңуге тырысқаныңыз абзал. Өр рух пен өзіне деген сенімділік – кез-келген кедергілерді жарып шығуға арқау болатын қасиеттер.

Өзіңіздің ішкі түйсігіңізге көбірек сеніп артқаныңыз жөн. Жалқаулыққа бой алдырудан аулақ болыңыз.

Бикеш (24 тамыз – 22 қыркүйек)

Бикештерді еңбекқор деген бір сөзбен суреттеуге болады. 2017 жыл сіз үшін көптеген жетістіктерге жол ашып, бойыңыздағы қорқыныштарды жеңуге ықпалдасады. Бикештерге асқан ұқыптылық тән. Олар үшін тазалық пен барлығының орын-орнымен болғаны өте маңызды. Жауапкершілік, дер кезінде жұмысты аяқтау, тыңғылықтық – Бикештердің ең жақсы қасиеттері. Егер сізге көмек пен кеңес керек болса, осы жұлдыздың астында дүниеге келгендерге жүгіне берсеңіз болады.

Жұлдызшылар Бикештерге осы жылы үй жануарлары – күшік немесе марғауды ұстағаныңыз жөн деп кеңес береді. Олар сізді көңілсіз ойлар мен көктемгі күйзелістен құтқарады. Ірі жобалар мен бастамаларға тәуекел жасап, кірісіп кетсеңіз, оның табысын күзде көре аласыз.

Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)

Таразылардың мінезі құбылмады және әртекті болып келеді. Әр түрлі көңіл-күй, өмірлік мақсаттар бірін-бірі үлкен жылдамдықпен алмастырып тұруы мүмкін. Асқан белсенділік кезінде энергияңыз тасып, бастаған ісіңіз аяқсыз қалмайды. Бірақ оның артынша селқостық пен жалқаулық келуі мүмкін. Сондықтан күн тәртібіңіздің сақталуын жіті қадағалап отырғаныңыз жөн.

Келер жылы тек күн тәртібіңізді ғана емес, сондай-ақ мінезіңізге абай болғаныңыз жөн. Ашушандығыңыз көптен күткен мүмкіндігіңізді қалт жіберуіңізге әкелуі мүмкін. Көктемде өміріңізге үлкен өзгерістер әкелетін кездесу болады. Алайда оның жеке өміріңізге ме, әлде қызметтік маңсабыңызға байланысты ма – ол жағы әзірше құпия.

Сарышаян (23 қазан – 21 қараша)

Сарышаяндар – бірден бас салатын тума жауынгерлер. Оларды қанша жерден сынасаңыз да, Сарышаяндар өздері жайлы пікірін ешқашан өзгертпейді. Егер олардың қандай да мәселеге қатысты пікірін сұрасаңыз, ащы шындықтың дәмін татуға дайын болыңыз.

Тауық жылы Сарышаяндар үшін нәтижелі жыл болмақ. Сізге адамдардан көмек алуды үйреніп, жақындарыңыз мен достарыңызға көбірек сенім артуыңыз керек. Алайда айналаңызды шолып отыруды ұмытпаңыз. Дос кейпіндегі жауыңыз қасыңыздар табылып қалуы мүмкін.

Бір мезетте тоқсан-тоғыз істі үйіріп алып кетудің қажеті жоқ, оданша ең маңыздыларын ажыратып алыңыз. Сол кезде ғана қолға түскен бақ құсын ұстап қаласыз.

Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)

Мергендер – қуанышқа толы адамдардың дүниеге келетін жұлдызы. Мейірім мен өмірге деген сүйіспеншілік Мергендердің ажырамас серіктері. Өмірге деген «жеңіл» қарым-қатынас пен шешендік оларды кез-келген ортаның сәні қылмақ. Алайда артық айтылған сөздің кері әсері де бар: абайсыздан жақындарыңызды ренжітіп алуыңыз мүмкін.

Жаңа 2017 жылы саяхаттағанды жақсы көретін Мергендерге көптеген мүмкіндіңктерді сыйламақ. Демалыс күндеріңізді босқа жібермей, жаңа жерлерді бағындырып, жаңа әсерлерге бөленуге тырысыңыз.

Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)

Сырт көзге байсалды және момын болып көрінгенімен, Тауешкілер асқан ішкі күш пен мықты ерік-жігер иегерлері. Табандылықтың арқасында олар қалаған мақсаттарына тайсалмай жетеді. Ол үшін жауынгер емес, дипломат болып әрекет еткен әлдеқайда тиімді. Тауешкілер үшін сенімділік пен сабырлық өмірдің барлық салаларында жүгінетін қасиеттер.

Келер жылы қоршаған ортаңызға көз жүгіртіп, кімнің дос, кімнің дұшпан екендігін ажыратып алуға тырысыңыз. Осыдан кейін ғана сіздің жолыңыз ашылып, күш-жігеріңіз арта түседі.

Суқұйғыш (21 қаңтар – 19 ақпан)

Суқұйғыштар үшін бірлік, теңдік, әділеттілік бос сөздер емес. Сондықтан олар мұндай қарым-қатынасты өзі танытып, жанындағы адамдардан да соны күтеді. Олар достықты аса жоғары бағалайтын, көмек қолын созуға үнемі дайын, шығармашылықтың адамдары. Олар үнемі қандай да бір оқиғаға тап болып жүреді. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» деген дәл Суқұйғыштарға қатысты айтылған сөздер.

Жыл басында көптен бері көріспей жүрген адаммен жолығып қалып, ескі қарым-қатынасқа дем беріп, не болсама соңғы нүктесін қоюыңыз мүмкін. 2017 жыл өзіңіздің кәсіби біліктілігіңізді арттыруға таптырмас уақыт. Өмірлік серігіңізді жолықтырғыңыз келсе, мұражай, көрме, мәдени іс-шараларға көп барғаныңыз абзал.

Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз)

Асқан сезімталдыққа ие Балықтар айналасындағы адамдардың ойы мен ішкі уайымына үлкен мән беріп, барынша қолдау көрсетуге тырысады. Оларға аяқта нық тұруды үйрену керек. Егер Балықтар өмірде өз орнын тапса, жан-жағына жақсылық пен қуаныш сезімін ұялатуға асығып тұрады.

Тауық жылында Балықтарды үлкен өзгерістер күтіп тұр. Жаңа идеялар, жоспарлар бірінен кейін бірі туындап, рухани байып қана қоймай, сондай-ақ өзіңізді барынша жетілдіре түсесіз. Жыл соңында қызмет аясын өзгертуіңіз мүмкін.

Пікір қосу