2016 жылдың басты оқиғалары ел есінде ме? Ендеше juldyz.kz назарларыңызға елімізде орын алған елеулі оқиғалардың қатарын ұсынады.

Парламент сайлауы

Наурыз айында қазақ халқы ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізді.  Нәтижесінде елімізде дауыс беру құқығына ие 9 миллион 810 мың 852 адамның 7 миллион 566 мың 150-і сайлауға қатысып өз дауысын берді. Бұл жалпы электортаттың 77,12 пайызы. Енді осыған сәйкес, «Нұр Отан» партиясы  6 миллион 183 мың 757 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 82,20 пайызына ие болды. Қазақстан коммунистік халық партиясы  537 мың 123 дауысын немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,14 пайызын жинады.  Нәтижесінде 7 пайыздық межені еңсерген «Нұр Отан», «Ақ жол» және Қазақстанның коммунистік партиясы жаңа Мәжілісті жасақтады.

Жер реформасы

Жер реформасы 2016 жылы қоғамдық резонанс тудырған басты оқиғалардың бірі. Жерді шетелдіктерге жалға беру мәселесі бойынша еліміздің бірқатар өңірінде заңсыз шерулер өтіп, кейін  Президенттің тапсырмасымен арнайы Жер комиссиясы құрылған болатын.  Олар 4 ай жұмыс істеп,  Елбасына арнайы ұсыныстарын ұсынды. Нәтижесінде Мемлекет басшысы Жер кодексіне түзетулер енгізуге 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторийды ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды.

Теракт

Мешін жылындағы ең қайғылы оқиғалар Ақтөбе мен Алматы қалаларында болған терорлық актілер. 2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбеде бір топ қылмыскер «Паллада» және «Пантера» қару-жарақ дүкеніне, сонымен бірге Қазақстан ұлттық гвардиясының №6655 әскери бөліміне қарулы шабуыл жасап, бірнеше адам қаза тапқан еді.

Нәтижесінде 9 маусым күнін «Жалпыұлттық аза тұту күні» деп жарияланып, Содырлардың барлығы  ұсталып, жауапқа тартылды. Ал 18 шілдеде  Руслан Күлекбаев Алматыдағы Алмалы ауданы ІІБ ғимаратына шабуыл жасап, қаланың бірнеше жерінде  полиция қызметкерлерімен атысқан болатын. Салдарынан 8 полиция қызметкері мен 2 бейбіт тұрғын мерт болып, 2 қараша күні сот қанды қырғын жасаған Руслан Күлекбаевты өлім жазасына кесті.

Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындары

тұңғыш рет  Қазақстан қоржынына Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында Дмитрий Баландин 200 метрлік брасс сайысында  алтын медаль салды. спортшыларымыз 17 медаль ұтып алды.

СОның ішінде Ниджат Рагимов (ауыр атлетика), Дмитрий Баландин (жүзу), Данияр Елеусінов (бокс) алтын медаль алды. Елдос Сметов (дзюдо), Жазира Жаппарқұл (ауыр атлетика), боксшылар Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, Гузель Манюрова (әйелдер күресі) күміс медальмен қанжығаларын майлады. Қола медаль Отгонцэцэг Галбадрах (дзюдо), ауыр атлеттер Фархад Харки, Карина Горичева, Александр Зайчиков, жеңіл атлет Ольга Рыпакова, палуандар  Эльмира Сыздықова, Екатерина Ларионова, боксшылар Иван Дычко, Дарига Шакимоваларға бұйырды. Жалпы қортынды бойынша Рио-де-Жанейродағы 31-жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 22-орынға тұрақтады.

Тәуелсіздікке 25 жыл!

 Осыдан 25 жыл бұрын (1991) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды. Республика өз бетінше ішкі-сыртқы саясатты жүргізетін, өз аумағында билікті толық иеленген тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды. Демократиялану жолындағы бағыт Қазақстанды егемен, тәуелсіз мемлекет ретінде, қазақ халқы ұлттық тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап, өз бастамалары мен ерекшеліктерін жаңғырта алатындығын жария етуге мүмкіндік берді. БИЫЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗ АЛДЫНА ДЕРБЕС ЕЛ БОЛЫП, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТОЛЫҚҚАНДЫ МОЙЫНДАЛҒАН МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ӨМІР СҮРІП ЖАТҚАНЫНА 25 ЖЫЛ ТОЛЫП ОТЫР. Осыған орай Қазақстан Президенті «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументін ашып, ҚР Парламенті Тәуелсіздіктің 25 жылдығы декларациясын қабылдады.

 

Пікір қосу