2016 жылдың сымбатты сүрбойдақтарын juldyz.kz назарларыңызға ұсынады.
- Тәуекел Мүсілім — тележүргізуші, актер әрі әнші. Ол 1992 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Махаббатым жүрегімде» телехикаясында басты рөлді сомдаған актердың басы бос. Тәуекел осы кезге дейін шын ғашық болып көрмепті. Ойындағы аруды сымбатты жігіт: «бойы 170-тен жоғары, оқыған, қазақ тілінде еркін сөйлейтін, тәрбиелі, салт-дәстүрді білетін қыз болуы қажет. Шашы міндетті түрде ұзын әрі қылықты, әдемі болса» деп сипатайды.
2. Әли Оқапов — жас әнші, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы. Ол 1991 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әншінің болашақ жарына қоятын талаптары бар. «Ең бірінші қазақы тәрбие дедім бе, сосын ақыл. Әртіспен тұру тіпті оңай емес! Әнші ғана емес, мен сазгермін де. Сондықтан маған жиі оңаша қалу қажет болады. Жаңа ән тууы үшін. Ондай жағдайда жарым мені түсініп, қолдамаса, жағдай қиын. Ал ақылсыз қыз менің мұныма көнбек түгілі, түсінбейді де. Отбасында кикілжің содан туады», — дейді ол.
3.Денис Тен — «Сочи-2014» олимпиада ойындарының қола жүлдегері, белгілі спортшы, мәнерлеп сырғанаушы. 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Кейінгі кезде «Денис өзінен 10 жас үлкен шетелдік спортшы қызға ғашық екен» деген сыбыстар жиі айтылып жүр. Алайда, өзінің жеке өмірі жөнінде ол былай деп сұхбат берді: «Мен жеке өмірімді құпия ұстауды жөн санаймын. Көрсетілімдік шарада жолым болып, Ю На Киммен бірге биледім. Ол атақты және маған ұнайтын спортшылардың бірі. Мен оны Әлем чемпионатынан бастап бақылап жүрмін. Біз бір-бірімізді бірнеше жылдар бойы білеміз. Мен үшін онымен бірге билеу құрмет болды. Ол мықты спортшы ғана емес, тартымды қыз».
4. Асылхан Төлепов — Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильміндегі Сартай рөлімен танылған дарынды актер әрі ең жас мәслихат депутаты. 21 мамыр 1992 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген Асылхан Төлепов «Жаужүрек мың бала» фильмінде басты рөлді сомдаған. Қазақша таза сөйлейтін, ұлттық салт-дәстүрді білетін қарапайым қыздарды ұнататын Асылханның әзірге жүрегін жаулаған ару жоқ көрінеді.
5. Мұрагер Сауранбаев — күйші, 1987 жылы 11 шілдеде Жамбыл облысында дүниеге келген. Күйші серіміз өмір бойы қол ұстасып өтетін сүйіктісін әлі күнге дейін іздеп жүр.
6. Әнуар Нұрпейісов — актер, 1985 жылдың 11 наурызында Алматы қаласында дүниеге келген. Ол әлі сүйіктісін күтіп жүр. Әнуар болашақ жары өзін шынайы сүйетін және ақылды қыз болғанын қалайды.
7.Әлішер Каримов — әнші, 1985 жылы 28 қазанда Тараз қаласында дүниеге келген. Ол осы уақытқа дейін берген сұхбаттарында сүйіктісін әзірге кездестірмегенін, үйленуге асықпайтынын айтқан.
8. Қуандық Рахым -жас әнші, 1992 жылы 5 қыркүйек күні Қарағанды облысы, Сатпаев қаласында дүниеге келген. Әзір сүйіктісі жоқ. Ол өзінің болашақ жары туралы: «Ұрпақ тәрбиесінде қазақилықты балаларыма сіңіретін адам болуы керек» деп есептейді.
9.Қайрат Түнтеков — эстрадада дауысының өзіндік ерекшелігі бар әнші, 1986 жылы 14 ақпанда Шымкентте дүниеге келген. Әншінің айтуынша, оның сүйіктісі болғанымен, әзір үйленетін жоспары жоқ.
10.Аян Өтепберген — актер әрі әнші,көпшіліке «Жаужүрек мың бала» фильмінде Таймас рөлі арқылы танылған. Ол 1992 жылы 26 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Аян болашақ жарын әлі кездестірмепті. Дегенмен, оның бойынан ибалы, қазақ қызына тән қасиетерді көргісі келетінін айтты.
Бойдақтардың ішінен ұнағаны Мұрагер мен Әли болды! Сәттілік, өмірлік жарларын кездестіруіне тілектеспін!