Түн жағдайында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде авиациялық оқиға болып, Су-27 ұшағы апатқа ұшырады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің өкілдеріне сілтеме жасап.

«Бүгін, 21 желтоқсанда түн жағдайында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде авиациялық оқиғаның салдарынан Су-27 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш майор Ә.Ысқақов бар мүмкіндігін салды және ұшақты елді мекеннен алшақ алып кетіп, катапульталанды», — делінген министрліктің ресми пікірінде.

Қазіргі уақытта ұшқыштың жағдайы қанағаттанарлық. Оқиғаның себебі мен мән-жайын ҚР қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов тағайындаған комиссия анықтап жатыр.

Пікір қосу