Батыс Қазақстан облысында Ақсай қаласының әкімі Айымгүл Тржанова прокурорлық тексеруден соң қызметінен босатылды, — деп хабарлайды «Мой город» басылымына сілтеме жасап Sputnik Kazakhstan.

Айымгүл Тржанова 2016 жылы 14 қыркүйекте Асқай қаласының әкімі болып сайланған. Алайда, прокурорлық тексеру барысында, Тржанованың БҚО Бұрлы аудандық білім беру бөлімінің басшысы қызметін атқарып жүріп, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

2015 жылы 27 наурызда Тржанова әкімшілік құқық бұзушылық туралы қылмыстық кодекстің 535-бабы бойынша айыпты деп танылып, 792 мың теңге айыппұл төлеу жазасына кесілген. Сондай-ақ, Ақсай қаласының әкімі қызметінен босатылды.

Пікір қосу