Қазақстанның Ұлттық банкі пішіні төртбұрышты, номиналы 100 теңгелік монета шығарыпты, — деп juldyz.kz порталы «Хабар» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Домалақ емес, төртбұрышты тиын көрдіңіз бе? Әрі жай ақша емес, біреуге сыйлайтын ақша екен. Бір жағына қазақ-орыс тілінде «Туған Күніңмен!», «С днем рождения!» деп жазылған екен. Бұл ақша Ұлттық банктің «Монета — подарок» деген сериясының аясында шығып отыр. 

Бұл – сирек монета болмақ, таралымы небәрі бес-ақ мың дана. Төртбұрышты тиын-теңге 925 сынамалы күмістен құйылған.

Пікір қосу