Жақында прокатқа шыққан «Тоқал» фильмінің продюсері Гаухар Нұртас «Түнгі студияда» қонақта болды. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

«Тоқал» фильмі мен үшін маңызды қадамдардың бірі. Болашақта осындай тақырыптарды көтергім келеді. Отандық киноның деңгейін халықаралық дәрежеде жеткізсем деймін. Көпшілік француз, итальян, неміс кинолары сияқты біздің киноны да жоғары бағаласа екен. Қазір тіптен ирандық, мексикалық фильмдер де жиі айтылып жүр. Қазақстандық киноның жарқ етер сәті келді деп білемін», — деді фильм продюсері.

Сондай-ақ, ол кинодан алған әсерімен де бөлісті.

«Бұл кинодан алатын әсер де ерекше. Себебі, кино жан-жақты түсірілген. Көрермен бізді өте жақсы көреді немесе керісінше жек көреді. Қалай болса да, біз үшін бұл жақсы».

Фильм продюсері осыдан 15 жыл бұрын Қазақстаннан көшіп кеткен. Не себепті кеткенін де айтып берді. «Қазір Лос-Анджелесте тұрып жатқаныма 15 жыл болды. Жұмыс жасаймын, 2 компаниям бар. Мен ол жаққа кино өндірісін дамытуды үйрену үшін кеткен болатынмын. АҚШ-та кино үлкен өндіріс ошағы саналады», — деді ол.

Гаухар Нұртастың айтуынша, келер жылы «Тоқал» фильмі өзге мемлекеттерде де көрсетіледі.

Пікір қосу