Алматыдағы мектептердің біріндегі мәжіліс залына отандық эстрада әншісі Төреғали Төреәлінің есімі берілді, — деп juldyz.kz порталы хабарлайды.
Бұл туралы farizaspandiyar деп тіркелген желі қолданушысы мәлім етті. «Бүгін бізде тағы бір қуанышты жаңалық. Наурызбай ауданындағы, нөмірі 157-ші мектептің ішінен Ұлы Дала баласы — Төреғали Төреәлі атындағы «Мәжіліс залы» ашылды. Ендi мектептің барлық іс-шаралары осында өтетін болады», — деп жазды ол.