астана клубы

«Астана» футбол клубының бас менеджері Саят Хамитжанов клубтың атын өзгерту туралы ұсыныстар түсіп жатса, қарсылық танытпайтынын айтты. Бұл туралы juldyz.kz порталы Nur.kz сайтына берген сұхбатына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жеке маған «Нұр-Астана» атауы расымен де ұнайды. Егер команданың атын өзгерту туралы ұсыныстар түссе,  қарсылық білдірмеймін. Сондай-ақ президенттің мемлекет дамуына қосып жатқан үлесін ескеретін болсақ, меніңше, клубтың атын «Нұр-Астана» деп өзгерту әділетті шешім болады деп ойлаймын»,-деді Саят Хамитжанов.

Айта кетейік, Саят Хамитжанов 2014 жылдан бері «Астана» футбол клубының құрылымында жұмыс істеп келеді. 2015 жылдан бері клубтың бас менеджері қызметін атқарады.

Пікір қосу