Алматыдағы «Алматы арена» мұз сарайында 21 желтоқсан күні Қайрат Нұртастың жеке концерті өтеді. Бұл туралы juldyz.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Әншінің шығармашылық кешіне барамын деушілер үшін арнайы автобустар ұйымдастырылуда. Көрермендердің қолайлығы үшін сағат 16:00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайынан (Абай даңғылы-Байтұрсынов көшесі)  «Алматы аренаға» дейін арнайы бағытта автобустар жолаушы тасымалдамақ.

Сондай-ақ, автобустар концерт аяқталғаннан кейін кері бағытта да жүреді. Билет құны бір бағытқа 100 теңгені құрайды.

Пікір қосу