Танымал продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевқа шығарылған үкім өзгеріссіз қалдырылды, — деп  juldyz.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Есентаев 3 қараша күні тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Елді дүрліктірген оқиға ағымдағы жылдың 10 шілдесінде орын алды. Онда шоу-бизнес жұлдызы Баян Мақсатқызын күйеуі бірнеше жерінен пышақтап, өлімші етіп сабаған. Соңынан танымал продюсер шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілді.

Ауыр дерті мен жан жарасы жазылмастан Баян кейін бірнеше жыл отасқан күйеуін кешіріп, мұндай шешім қабылдауға сырттан ешқандай қысым болмағанын, Бақытбек Есентаевтың жақсы жар, қамқор әке болғанын айып, соттан оны ақтап шығуын, бас бостандығын айырмауын өтінген болатын. Баянның мұндай әрекетке барғаны біреулерді қатты таңғалдырса, келесілері оны батылдыққа балады.

Соңынан Баян Мақсатқызы ағынан жарылып, болған оқиғаға қатысты ашық сұхбат берді. Онда ол күйеуінің шексіз махаббатын көтере алмағанын мойындады.

 

Пікір қосу